test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Кәсіпорын өнімі жоғары

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың 5 айында 468 млн АҚШ долларының өнімін шетелге жөнелткен. Өзге елдерде Оңтүстіктің тамақ өнеркәсібі мен химия, дәрі-дәрмек пен тоқыма бұйымдарына сұраныс жоғары. Шымкенттегі фармацевтика зауыты өткен жылы құны 2,5 миллиард теңгеге 8 миллион дана түрлі дәрі-дәрмек экспорттаған. Оның ішінде балалар дәруменінен бастап асқынған ауруларға қажетті екпелерге дейін бар. Өсім 10-15 пайызға жетті. Зауыттың заманауи технолгиямен жабдықталып, халықаралық сұранысқа сай дәрумендер өндіруге қол жеткізуінің арқасында экспорт әлеуеті де артып отыр. Бұл туралы 24.kz сайты жазады. Сонымен қатар, зауыт шетелдік инвесторлардың қаржылай қолдауының арқасында 2021 жылға дейін толығымен қайта жаңғыртудан өтпек. Кәсіпорын қазірдің өзінде халықаралық GMP стандартына сәйкес келетін дәрі-дәрмек шығарып жатыр. Отандық өнімге Қырғызстаннан сұраныс көп дейді мамандар. Тізімде Тәжікстан, Түрікіменстан мен Моңғолия да бар. Алда жергілікті өнімді ауқымы кең Ресей мен Өзбекстан нарығына шығару жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР