01-04-2022
11.3 C
Шымкент

Кәсіпорын көрсеткіштері жоғары

Қазір заман, қоғам басқа. Әлемде жаһандану үрдісі қарқын ала бастады. Адамзат алдында тұрған өзекті проблемаларды шешу – жаңа механизмдерді қажет етуде. Бүгінгі күні әлемде қаржылық-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны белең алуда. Бұған күрделі халықаралық жағдайлар қосылуда. Осы жағдайда Мемлекет басшысының жаңа реформаларды қабылдауы – ел экономикасын жаңа белеске көтеретіні сөзсіз. Осындай қанатын кеңге жайған кәсіпорындардың бірі —  ОҚО Шымкенттегі «Юг Пром Сталь» кәсіпорны. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Қазіргі таңда, бұл кәсіпорын мемлекеттік бағдарлама арқасында аяғына тік тұрды. Кәсіпорынның несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы қолдау көрсетілді. Кәсіпорын жылу энергиясына, тұрғын үй, коммуналдық қажеттіліктері үшін құбырлар, түтікшілер, профильдер, болатты фитингтер, металды тақтайшалармен қатар түрлі құрылыс материалдарын өндіреді. Бұл салада 10 жылдан астам тәжірибесі де бар. Өнімдер заманауи әрі сапалы түрде жасалады.Шикізатты Теміртаудағы отандық компаниялардан сатып алады. Дайын өнімдерді өткізу нарығы реттелген. Яғни тұрақты тұтынушылары бар. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы арнайы қойма құрылысы жүргізіліпті. Өткен жылы 117 млн теңге несие алса, оның жеті пайызын субсиядияланған. Кәсіпорында 28 қызметкер жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР