test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Қартын қадірлеген елдің – қазынасы мол

Қилы тағдыр кешіп, тұла бойы шежіре тұнған қарттардың амандығы қашанда қымбат. Саулығын сұрап, талап-тілегін орындау парыз. Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында, мақтаралдық атқарушы билік 100 жасаған қариялардың үйін аралап, арнайы сый-сияпат көрсетті.  «Қарттарын қадірлеген ел ардақты». Осындай тақырыпта ОҚО Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова мен аудандық  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлім басшысы Әділхан Абжанов бастап қайырымдылық шара ұйымдастырды. Шарада қарттарға қажетті дүниелер мен арнайы киім-кешек үлестірді. Бұл – жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Қамқорлыққа жаны марқайған қариялар, алғысын айтып, ақ батасын берді.  Бұл күні «Әжелер алқасы» да сырлы сұхбат аясында болып, бар өнерін ортаға салды. Аз уақыт ішінде «Па шіркін, сол бір кез» атты концерт ұйымдастырып, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Айжамал Қоңырбаева – Әжелер алқасының төрайымы: — Алдағы уақытта енді біз «Ұлт тағдыры ұрпақ тәрбиесі көнеден жеткен сыр сандық» атты үлкен осы  болашаққа жаңағы рухани жаңғыруға байланысты осыған іс-шараға қатты дайындалып жатырмыз. Енді мен ойлаймын Құдай қаласы осы әжелердің, аталардың белсенділігінің арқасында бір беделді орынға ие боламыз деп шабыттанып жатырмыз. Осы іс-шараның бәрінің өткізілуіне белсене қатысып, бізбен бірдей оңтүстік телеарнасы көптеген жәрдемін береді. Сондықтан да біз аудандық әжелер алқасының атынан оңтүстік телеарнасына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Мақтаралдықтардың  мерекеге тартуы мұнымен толастамақ емес. Себебі, қарияларды  ардақтау – өткенімізге құрмет.

Д.Мырзақадір

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР