Өңір басшысы түстіктегі қалалардың шырайын артырып, тіршілігін ширатуды көздейді. Осы мақсатта тамыз айының жиырма бірі мен қыркүйектің жиырма бірі аралығында «Бір айлық тазалық» байқауы жарияланған болатын. Бәсекенің бас бәйгесін еншілегісі келген ОҚО жетісайлықтар, қарекетті қаладағы Байботаев көшесін абаттандырудан бастапты. Ауданның дамуына бір кісідей күш салған ердің есімін иемденген көшеде тынымсыз-еңбек, қызу-жұмыс. Қала әкімшілігімен біріккен ақсақалдың туыстары мен тұрғындар біршама тірлікті тындырып үлгеріпті. Аталған топ – алдағы уақытта Яссауи-Байботаев көшелерінің қиылысына ердің суреті мен өмірдерегі бар, мәрмәр тақтайша орнатпақ. Мұнымен қоса, қаладағы әр көшеге нұсқаушы бағдарлар мен үй нөмірлері қойылады. Байдуалы Базарбаев–Жетісай қаласының әкімі: — Бұдан бөлек біз бүгінгі таңға мына конкурс шеңберінде қала бойынша да ұйымдастырып жатырмыз. Әр берілген көше атауы бар көшелер бар мысалы Әжібеков, Мұсабаев көшесі, Жаштаев, Қалыбеков көшесі сол кісілердің бәріне өздерінің атасы әкесінің атына берілген көшелерді тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша сол кісілердің ағайын-туыс балдарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда Аязхан Қалыбеков көшесінің атауы Байботаев атауы біргелікте ілінетін болады.
Айта кетейік, Мақтаралда аудан тазалығымен айналысатын 4 мекеме бар. Оған қарамастан, қала тұрғындары да сенбі сайын қол ұшын созуды әдетке айналдырған. Аман Кәрібаев – Жетісай қаласының тұрғыны: — Жетісай қаласының әр сенбі күндері сенбілік болып жатыр. Көршілерімізбен бәріміз шығып көшелерді тазалап жатырмыз. Барлық жер таза. Жақсы болып жатыр. Мәселен мен өзім Байботаев көшесінде тұрамын. Байботаев көшесінде әр сенбі күні шығып, көршілерімізбен бірге барлық көшелерді тазалаймыз.
Жетісайлықтар, таза қала үшін! Осындай ұранды ұстанатын тұрғындар тазалыққа әр адам жауапты екенін түсінеді.
Д.Мырзақадір