04-09-2021
31.3 C
Шымкент

Өңірдің әлеуметтік ахуалымен танысты

ОҚО облысымызға арнайы іс-сапармен еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келді. Ведомства басшысы алдымен өңірдегі оңалту орталығында болып, ем алып жатқан балалардың жағдайымен танысты. Аймақтың әлеуметтік саладағы жауапты мамандарының басын қосқан жиында түскейде атқарылған шаруаларға қанықты. Цифрлық қателіктер мен мамандардың жұмысына жауапкершілікпен қарауын мықтап тапсырды. Қала әкімдігіне қарасты халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы. Жуырда ғана ашылған орталыққа арнайы ат басын тіреген министр осында емделіп жатқан балалармен жеке-дара сөйлесті. Олардың қоғам өміріне бейімделуіне жағдай жасау керектігін ерекше айтты.   Сала басшысы  түскейлік мүмкіндігі шектеулі өнерлі балаларға алғыс білдіріп, өзінің арнайы Алғыс хатын табыстады. Балғындар  жуырда Астана қаласында әлеуметтік қызметкерлер форумында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көптің таңдайын қақтырған. Арнайы мәжілісте министр түскейлік әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмысыны көңілі толмады. Цифрлық қателіктер мен мамандардың жауапсыздығын ерекше сынады. Алқалы жиында Кентау қаласы әкімінің орынбасары мен Сарыағаш аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы баяндама жасап, сын садағына ілікті. Түскейліктерді жұмысқа орналастырып, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелеріне жасалған қамқорлықтың төмендігі министрдің шамына тиді. Айтып өтейік, алқалы жиыннан соң вемство басшысы өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша «Атамекен» аймақтық Кәсіпкерлер палатасымен кездесті.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР