29-04-2022
18.3 C
Шымкент

Жауынгер отбасына пәтер берілді

Ерлікке құрмет! ОҚО да алғаш рет он жылға созылған ауған соғысында қаза тапқан жауынгердің отбасына баспана берілді.35 жыл бұрын 18 жасар ұлын соғысқа аттандырып кейін қайта көре алмаған анаға 2 бөлмелі пәтер бұйырды. Суретіне қарағанда қабырғасы қайысып, ұлының есімін есіне алғанда езіліп тұрған Гүлшара апайдың Әбдірахман ұлдан тұңғышы еді. Ол әскерге жоғары білім алып жүрген жерінен аттанады. Кейін әскери борышын өтеп жүріп ауған жеріндегі ұрысқа араласады. Сөйтіп, жараланған жауынгерді құтқару кезінде өзі оққа ұшып жан тапсырады.  Бүгінде батыр ұлдың ерлігі жайлы естеліктер көп. Оның батылдығы жайлы суреттер де сыр шертетіндей. Енді міне сол ерлігі билік тарапынан да бағаланып отыр. Әбдірахманның артында аман қалған анасымен бауырына екі бөлмелі пәтер беріліп отыр. Гүлшара Жұмалиева – Ә. Алпысбаевтың   анасы: — 2006 жылы кезекке тұрғанмын баламның атынан. Биыл майдың 31-не кезегім келіп үй берді. Бұған дейін квартирада жүрдік.

Негізінде облысымызда ауған соғысына қатысып қаза тапқан 96  жауынгердің отбасы бар. Одан бөлек 100-ге жуық ардагер баспана сұрап кезекте тұр. Оның ішінде 10 жылдай уақыттан бері кезек күтіп тұрғандар да бар.  Ғалымжан Майханов – облыстық ауған және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы: — Бұл кезек 4-5 жылдың көлемі болды Шымкентте үйлер салына бастағаннан тоқтап қалған осы ауған соғысы ардагерлерінің кезегі жылжи бастады. Оған ардагерлер атынан алғысымызды айтамыз. Ерлік ескірмейді, естен де шықпайды. Қайта күн өткен сайын құрметі артады. Араға 35 жыл салып қаза тапқан жауынгер рухына көрсетілген ізет осыны аңғартса керек.

МАҚСҰТ  Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР