test
03-07-2024
21.3 C
Шымкент

Заңгерлік көмек көрсетті

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 5 желтоқсандағы №195 «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылы 5 желтоқсандағы №195 заңының 6-бабында адвокаттармен ақысыз заңгерлік көмекті төмендегі азаматтар қолдана алды.
Атап айтқанда: асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға, егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге, алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді. Қажет жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды. Мұның барлығы да әлеумет үшін жасалып отырған жеңілдіктер. Бүгінгі күні азаматтар арасында жоғарыда келтірілген мүмкіндіктерді біле бермейтіндер көптеп кездесуде. Осыған орай әділет басқармасы Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңына сәйкес адвокаттың ақысыз заңгерлік көмегін алушы азаматтарға өз құқықтарын тиімді пайдалану қажеттілігін есіне салады.

А.ТӘҢІРБЕРГЕНОВА,
әділет басқармасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласының бас маманы, Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР