21-09-2021
11.3 C
Шымкент

Туымыз — бірлік

Біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық мақаласын зер сала оқыдық. Ұлттық жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап көрсеткен Елбасы рухани жаңғырудың сананы сілкінтетін бағдарын да нақтылады. Мақалада егемен еліміздің қазіргісі мен келешегі жөніндегі ой-толғаныстары кімді де болса ерекше сезімге бөлейді. Қазақ — бабалар батасы дарыған, ата аманатын аялаған кеңпейіл халық.
Қазақ жеріне тағдырдың жазуы, солақай саясаттың салқынымен еріксіз жер аударылған ұлт пен ұлыстың өкілдеріне кең құшағын жайып, пана болған қазақ халқы рухани құндылықтарға бай. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, қиналғанға қол ұшын беріп, демеу болуда қазақ ұлтына жетер ешкім жоқ. Біздер қазақ жерінде туып-өстік, оқыдық, білім алдық. Қазір бір отбасының түтінін түтетіп, ұрпақ өсіріп отырмыз. Балаларымыз егемен елдің игіліктеріне, қамқорлығына бөленуде. Бізге бұдан асқан бақыт бар ма? Бұл бірлік пен татулықтың арқасында, Елбасының сарабдал, салиқалы саясатының негізінде мүмкін болған нәрсе. «Мәңгілік елдің» болашағына деген сенім зор. Қазір заман көз ілеспес жылдамдықпен алға қарыштап, дамып келеді. Сондықтан бізді біріктіретін — бірлік. Татулықты ту етсек, іргеміз сөгілмейді. Ұлт Көшбасшысының рухани жаңғыруының негізгі түпкі қазығы да осы бірлікте жатыр. Олай болса, бүкіл елдің руханиятын көтеруге әрбір қазақстандық азамат атсалысуымыз қажет. Елбасының рухани жаңғыру идеясын ел игілігіне айналдырайық дегім келеді.

С.БАРХУДАРОВА.
Боралдай ауыл атырабы

ОҚО Бәйдібек ауданы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР