20-10-2021
16.3 C
Шымкент

Әр адам өзіне талап қоя білуі керек

Бүгінгі таңда қоғамдағы түйткілді мәселелерді айқындау, шешуде – үкіметтік емес ұйымдардың маңызы ерекше болып отыр. Үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігін арттыру мақсатында елімізде түрлі  шаралармен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде. Осы мақсатта бүгін ауданымыздағы үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен «Үкіметтік емес ұйымдардың мектебі» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «ОҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен семинарға қауымдастық төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Шәріпбек Жамалбек және аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұловтар арнайы қатысты.
«Береке» қоғамдық бірлестігінің тренер-мамандары тренинг барысында «Қоғамда ҮЕҰ рөлі» , «ҮЕҰ миссиясы», «ҮЕҰ қызметін басқару», «Бақылаудың негізгі салалары», «Әлеуметтік мәселелерді шешуде қауымдастықты тарту құралдары», «Жобаларды дайындау және өтінімді жазудың негізгі кезеңдері», «ҮЕҰ ресурстарын арттыру және іздеу», «Әлеуметтік салада сектораралық өзара іс-қимыл» тақырыптарында лекция оқыды.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР