test
07-07-2024
21.3 C
Шымкент

Әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Ел боламын деген қазақ халқы әрқашан ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға шығарған. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Леңгір қаласындағы «Жастық» стадионында Ұлы қолбасшы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлын еске алу және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, оларды әскерге дайындау, отансүйгіштікке баулу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «АЙБЫН» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Жиынға аудан аумағындағы орта мектептердің оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Салтанатты рәсімді Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірлген бөлімнің басшысы – Батырхан Қазахов ашты.
Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сынға түскен бұл байқау барысында жастар 100 метрге жүгіру, жылдамдықпен АК-74 бұзып-құрастыру, дүкенді шашу және оны қайта жинау, мылтық ату, газтұмылдырық кию, газтұмылдырықты киіп 330 метрге жүгіру, сапта жүру және сапта жүріп патриоттық ән айту секілді сайыстарда жарысқа түсті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР