test
02-07-2024
19.3 C
Шымкент

Елбасының бағдарламалық мақаласы талқыланды

ОҚО Облыстық білім басқармасының басшысы өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды. Бұл жиында әсіресе ауылдарды көркейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы әңгімеге арқау болды. Сондай-ақ, онда соңғы уақытта көп сынға ұшырап жүрген білім саласы жайлы да айтылды. Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты, ұлт жайлы ұтымды ой айтып, жастарды елді сүюге жігерлендіріп жүрген жандарды оқушыларға үлгі ету.Осыны ойға алған шарада аға буын өнерлі өрендерге Туған жер бағдарламасы жайлы өз ойларын айтты. Бағдарламалық мақаланың мәнін ұғындырды.

Мархабат Байғұт – жазушы: — Елбасы туған жер мәселесі туған ел бағдарламасына ұласу керек деді. Сондықтан әрбір жерден басталып бұл туған ел биіктігіне көтерілетін бағдарлама. Бұл жөнінде жобалар жасалып жатыр. Туған жердің қаиетін ұғындыру, түсіндіру, насихаттау сол туған жер арқылы туған елді насихаттау патриоттарды насихаттау барлығымыздың міндетіміз. Сондай-ақ, бұл басқосуда «Ұлттық Код», «Ұлттық рух» мәселесі де сөз болды. Ол бойынша жастарға жазушы Нармахан Бегалы баяндама жасады.  Нармахан Бегалы – жазушы: — Рухы сөнген адам адам болмайды. Ал, рух дегеніміз не балалар? Ол діни сенімге сүйенсек Аллах адамды топырақтан жаратып ауыздан «ух» деп дем бергенде жан бітеді. Міне сол жан адамның рухы.

Елбасы мақаласын жастардың санасына сіңіріп олардың патриоттық сезімін оятатын мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады. Оқушылар тек шығармалары арқылы ғана танитын тұлғалармен кездесулерді енді білім ұяларында көптеп ұйымдастырылмақ.

Исатай Сағындықов – облыстық білім басқармасының басшысы: — Бұл тек қана мақала шыққан кейін ғана жасалатын шаруа емес. бір жылдық емес, бұл өмір бойы дәстүрлі түрде тұрақты түрде жүргізілетін шаруа болуы керек деп есептейміз. Біздің бағдарлама солай.

Туған жерді түлету арқылы туған елді дамытуды көздеген шарада  Батырбек Өтеп атындағы «Өнер» мектебінің оқушылары да аянып қалмады. Оларда өздерінің туған жерге қатысты жазған шығармаларын оқып, патриоттық әндер шырқады.

М. Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР