test
03-07-2024
32.3 C
Шымкент

Қарттарға құрмет көрсетілді

Түркістандықтар Қарттар мерекесін кең көлемде атап өтті. Айтулы күні ақсақалдарға қошемет көрсетілді. Қартайғанда бейнетінің зейнетін көрген жандар бағалы сыйлықтар алып, көңілдері бір марқайды. Қиын күндерді бастан өткізіп, бейнетімен ерекшеленген қарияларға қашанда құрмет жоғары. Сөзін осылай бастаған қала әкімі қоғамдық, әлеуметтік салада белсенділік танытқан ардагерлерге жыл сайын әлеуметтік қызмет түрлері мен көмек жолдарын жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп келеді.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі: —  Ауылыңда қарияң болса, жазып қой­­ған хатпен тең» дегендей қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік, мерейі үстем. Сондықтан өмірден тоқығаны мол сіздердің берген тәлім-тәрбиелеріңіз ұлтымыздың кемелдене түсуіне тікелей байланысты

Қазір Түркістанда 18 мың 98 зейнеткер, 11 мың 852 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Соның ішінде 21-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері. 2599 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер мен 2483 тыл еңбеккерлері Түкістанда тіршілік жасайды. Олардың барлығы елдегі қамқорлық пен бейбіт күнге алғыстарын білдіріп отыр.

Маханбет Дайрабаев – Бабақорған ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы: — Қариясы бар ел қазыналы дейді. Біз ақсақалдар кеңесі өз жұмысымызды жоғары деңгейде атқарып келеміз. Кез-келген істе түркістандық ардагерлер белсенді.

Түркістандық мүмкіндігі шектеулі жандардың мерейі үстем. Жақында «Шапағат» қайырымдылық қорының жетекшісі Еркін Шалтан бастаған топ спорттың бірнеше түрінен облыс біріншілігінде топ жарды. Командалық есепте бірінші орын алып Түркістанның мәртебесін тасытты. Осының өзі кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге,-дейді қала билігі.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі: — Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз екенін айтып өттім. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың өңіріміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер

Түркістанда зейнет жасындағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін емдік-сауықтыру орындарына жалпы 1138 жолдама бөлінген. Жыл басынан бері 97 мүмкіндігі шектеулі жан тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бір ғана ИНВА такси қызметін қолжетімді ету үшін 7 млн. 45 мың теңге қаржы қаралған.

П.Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР