test
07-07-2024
26.3 C
Шымкент

ОҚО-да тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде

Биыл ОҚО да тұрғын үй құрылысына қомақты қаржы бөлініп отыр. 268 көпқабатты үйді соғу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның 116-сы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұл баспанаға мұқтаж 6 мың отбасыны шаттыққа бөлемек. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев баспасөз мәжілісінде баяндамасын осыдан бастады.      Бүгінде баспана мәселесі баршаны алаңдатады. Үйсіз-күйсіз жүргендердің көбі қалтаның жұқалығынан пәтер жалдап, туысын сағалайды. Жұртшылықтың жоғын түгендеуге келгенде мемлекет те қарап отырған жоқ. «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, биыл 550 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылатын болады. Енді денсаулық сақтау саласына тоқталсақ… Келесі жылдан бастап шалғай елді-мекенде тұратын халық білікті дәрігер мен заманауи құрал-жабдыққа толы емханаларда ем-дом қабылдайтын болады. Бұл мақсатта 29 нысанның құрылысы жүргізілуде. Аймақта әлеуметтік саланың да әлеуеті артпақ. Мамандар жыл соңына дейін 3 мектепті ел игілігіне тапсырмақ. 13 білім ұясы келесі жылға өтпелі. Ауылшаруашылығы, төтенше жағдай мекемесі мен ішкі істер саласы мамандары үшін де жаңа ғимараттар салынуда. Құрылысқа жауаптылар Елбасы жолдауында екшелген міндеттерді жүзеге асырып, жұмысты мерзімінде аяқтау үшін аянбай еңбек етуде.

Есімбеков

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР