test
07-07-2024
23.3 C
Шымкент

Қамкөңіл жандар қуанған күн

ОҚО Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар Арыстанбаб пен Түркістанға зиярат етуге аттанып кетті. «Тұңғыш Президент саябағынан» оларды шығарып салып тұрып:
— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғанын баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл бағдарламада мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын атап көрсеткен еді. Яғни, біздер рухани жаңғыруды туған жердің тарихын тереңнен танып-біле отырып, қасиетті өлкемізді бағалаудан бастауымыз қажет деп ойлаймын. Өздеріңізге мәлім, биыл ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің шешімі бойынша «Түркістан 2017 жыл – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы болып белгіленді. Соның бір дәлелі ретінде – көктемде әз Наурыз мерекесін халықаралық дәрежеде Түркістан қаласында атап өттік. Одан басқа да жыл бойына көптеген іс-шаралар Түркістанда ұйымдастырылып келеді. Міне, осынау түркі жұрттары үшін киелі саналатын Түркістан қаласына сіздер де аттанғалы отырсыздар. Сапарларыңыз сәтті болсын! Жолдарыңыз ақ болып, аман-есен қауышыуды жазсын бәрімізге! – деді аудан басшысы Болатбек Қыстауов.
15 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бастап алып бара жатқан аудандық «Мүгедектер бірлестігі» қоғамының төрағасы Қуаныш Ерназар осындай іс-шараны ұйымдастырып, қамқорлық көрсетіп отырған аудан әкіміне алғыс сезімін білдірді. Аудан басшысына деген алғыстарын сапарға шығып бара жатқан өзге де азаматтар білдіріп жатты. Саяхатшылар Арыстанбаб кесенесіне түнеп, ары қарай Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап келмек. Оларға керек кезінде аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем бөлімшесінің қызметкері Жексен Тәжиев медициналық көмек көрсететін болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР