test
08-07-2024
29.3 C
Шымкент

Туризм саласы да тұрақты дамып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысында туризм саласы да тұрақты дамып келеді. Облыста туристік нысандар саны 195 бірлікті құрап, тиісінше 31%-ға өсіп отыр. Мұнда көрсетілген қызмет көлемі 1,7 млрд теңгені құрап, 43%-ға өсті. Биыл облысымызға 128 мың турист келіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,3%-ға көбейген. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға Оңтүстіктен 151 мың адам барды. Өңірімізде 1000-нан астам тарихи және мәдени ескерткіш бар болса, барлық аудан және қалаларда 1, 2 және 3 күндік туристік бағыттар әзірленген. Облыс орталығы Шымкенттің ескі қалашығының аумағында ашық аспан астындағы мұражай ашу жоспарланып отыр. Облыста туристік қызметтің сапасын жақсарту мақсатында «ONTUSTIK TOURISM CENTER» туристік ақпараттық орталығы ашылды. Аталған орталық «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жасайды және жыл басынан бері «Ontustiktravel» туристік порталы арқылы 4 224 адамға қызмет көрсетілді. Шардара, Сарыағаш және Төлеби (Қасқасу) аудандарында 3 ірі туристік аймақ анықталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың сауықтыру орындарында 16 мың оқушы және студенттерге экскурсиялар ұйымдастырылды. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген Оқсыз қонысын және Абылай ханның Ордасы орналасқан Ханқорғанды қалпына келтіру туристер ағынын ұлғайтады деп күтілуде. Тарихи-мәдени нысандарды қалпына келтіру мақсатында Қазығұрт және Ордабасы аудандарын арнайы туристік кешен арқылы әлемдік деңгейдегі қызмет көрсету брендіне айналдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР