test
01-07-2024
23.3 C
Шымкент

Арыс ажарланбақ

ОҚО Отырар ауданы әкімі Ерлан Айтаханов Шәуілдір ауылындағы Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстарының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанды аралап шыққан аудан басшысы, бұл жоба аудандағы маңызы бар бірден-бір жобалардың бірі екенін айтып, жұмыстардың сапалы жүргізілуін тиісті сала басшыларына тапсырды.
Аталмыш жұмыстар бірінші кезекте ағысы қатты Арыс өзені жағалауын жойылып кетуден сақтап, су тасу қаупін азайту мақсатында қолға алынған болса, екінші жағынан маңызы бар жол бойын абаттандыру болып табылады. Жоба бойынша өзеннің оң жағалауының 1,2 гектар жері толығымен көріктендіріледі. Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын нысанның конкурстық құны 183,6 млн.теңге. Осы жылдың мамыр айында басталған қайта құру жұмыстары 2018 жылдың мамырында аяқталада деп күтілуде.
Көріктендіру жұмыстарының барлық кезеңдері толығымен аяқталған уақытта Арыс өзенінің маңы аудан тұрғындары мен қонақтары демалатын керемет демалыс аймағына айналады. Түрлі жеміс ағаштары мен көшеттер отырғызылып, аймақ жарықтандырылады. Демалушыларға арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылып, жолдар төселеді.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына 50-ден аса адам жұмылдырылып, өзен арнасын таспен қаптау жұмыстары жүргізілуде.
Мұнан бөлек аудан басшысы ардагерлер саябағы мен Т.Сәрсенбаев көшесі бойындағы абаттандыру жұмыстарын да аралап, көрді. Аталған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы жүргізілуін бақылауда ұстауды тиісті сала басшыларына жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР