03-05-2022
20.3 C
Шымкент

Ауылшаруашылығы қарқынды дамуда

ОҚО Ордабасы ауданында 2017 жылдың 7 айында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында пайыздық ставкасын субсидиялау желісі бойынша 2 жоба,  инфрақұрылымды дамыту желісі бойынша 2 жоба, гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба, банк несиелерін кепілдендіру желісі бойынша 1 жоба мақұлданды. Аудан бойынша «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен 7 559 мал басы сатып алынып, 282 жанұялық мал бордақылау алаңдары, 57 шағын сүт фермалары іске қосылды. Ауданға тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 753 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,5% пайызды құрады. Бадам ауыл округіндегі Қазақ-түрік индустриялды аймағының 79,3 га жер теліміне 53 млрд. 283 млн.теңгенің 12 инвестициялық жобасы өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қортындысымен орналасуға мүмкіндік алды.
Аудан көлемінде биылғы 7 айда 57 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынып, жалпы ауылшаруашылық техникасы 1517 дананы құрады. 2017 жылға жалпы ұзындығы 37,9 шақырым ішкі көшелерге орташа және 30,1 шақырым ішкі көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін жалпы 566 113,0 мың теңге қаржы қаралды. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 105 521,0 мың теңгеге ауыл округінің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР