test
01-07-2024
28.3 C
Шымкент

Сауапты іске ұмтылайық

«Жанашырлық танытқанға жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. ОҚО Созақ ауданындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайының үлкен мәжіліс залында мүгедектер күн мерекесіне арналған іс-шара болып өтті. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Әбенұлы жүрекжарды ыстық ықыласын білдіріп мүгекетер күнімен құттықтады. Кезегімен сөз алған ауданның құрметті азаматы, мүгедектер қоғамының мүшесі Қасымжан Өмірұлы, «Асар» Оңтүстік Қазақстан мүгедектер қоғамы аудандық филиалының төрағасы Біржан Саржан, мүгедектер қоғамының төрағасы Молдахмет Райым өз алғыстарын жеткізді. Аталған шараға аудан көлемінен 17 үміткер қатысты. Атап айтар балсақ Дәмен Дәулет, Ахан Жанел, Ахан Нұрсауле, Сарсенбайқызы Жанна, Көкешбай Ғазиза, Есім Амангелді, Темірәлі Айнұр, Айдынбек Айару, Амангелді Мөлдір, Тәңірберген Айша,Диас Дәмен, Тұрғанбай Салтанат, Отарова Әдемі, Сайлаубекова Қамажай, Тойланбай Жансая, Бейсенбай Альбина, Әбілда Нүрайлар өз өенрлерін ортаға салды. Қатысушы үміткерлерге аудан әкімі мен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ақшалай сый-сияпат тапсырылды. Әрқашан да айналамыздағы мұқтаж жандарға қолдан келер көмегімізді аямайық ағайын!
Біржан Жандәулетов

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР