12-09-2021
14.3 C
Шымкент

Алтын қолды хирург марапатқа ие болды

ОҚО Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалиев ТМД елдерінің хурургтар қауымдастығының құрметті мүшесі атанды. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен XXIV-ші халықаралық конгресінде сарапшылар алтын қолды хирургті осындай мәртебеге лайықты деп тапқан. Бас дәрігерді аурухана ұжымы да арнайы құттықтады. Мәди Хожаұлы талабы қатаң, жұмысы қым-қуыт денсаулық сақтау саласының сақасы. Дәрігер теріскейде туылса да түстік өңірдің медицина саласын дамыту үшін осында келген. Қазақстанның қай түпкірі болсын, «Отаным» деді. Қырық жылда урологиядан бастап, трансплантацияға дейінгі 40 түрлі ота әдісін меңгерді. 8 мыңға жуық науқасқа ота жасап, өшкенді қайта жақты. Өмірдің ең сындарлы сәтінде «Мен» деген дәрігердің дәрмені ғана емес, бірге туғандардың да бауырмалдығы сыналады. Озат маман осындайда дерті дендеп, дәрменсіз күй кешкендерге жігер беруден аянып қалған емес.     Жалпы облыс дәрігерлерінің республикада көш бастауына 82 рет бүйрек, 8 рет бауыр алмастыруы жоғары жетістік болып отыр. Биылдан  бастап, бізде  «қайтыс болған донордан»  ағза алу да оң жолға қойылды.  Бұл да  —  «әр адам – менің бауырым, әр қазақ – менің жалғызым» деген қазақ қоғамындағы еселі еңбек.

Мәди Бегалиев — Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері:— Бұл диплом аурухана ұжымының ортақ жетістігі. Мұндай марапатқа менен басқа елге еңбегі сіңген Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығының директоры Баймаханов пен аталған орталықтың құрметті президенті Сейсембаев та ие болды.

http://shymkenttv.kz

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР