test
14-07-2024
31.3 C
Шымкент

Әдеп кеңесінің мүшелері тұрғындармен кездесті

Облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері Сарыағаш халқымен кездесті. Әлімтау елдімекенінде алқалы мәжіліс өткізген кеңес мүшелері ауыл азаматтарымен емен-жарқын әңгімелесті. Жұмыс жоспарларын жария етті. Басқосуда айтылған өзекті мәселенің бірі – мемлекеттік қызметшілердің тәртібі. Сондай-ақ, кездесу барысында медиация тақырыбы төңірегінде де әңгіме қозғалды. Мемлекеттік қызметкердің жұмысы – қоғам айнасы. Мұнда темірдей тәртіп, жүйелі жұмыс, халықпен мығым байланыстың болуы маңызды. Соңғы кездері халық арасында мемлекеттік қызметкерге деген сенімге селкеу түскені жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтыруда Әдеп жөніндегі кеңес бірқатар жұмыстарды қолға алған. Соның бірі – қызметкерлердің белсенділігін арттырып, сапалы қызмет көрсетуге шақыру.

Әбілқасым Досболов – облыстық мәслихаттың депутаты: — Белсенділігін арттыру деген сөз Әдеп кеңесінің мүшелері халықпен кездесіп, дөңгелек үстел өткізіп, жеке қабылдау жасап, мемлекеттік қызметкерлерге мүмкіндік жасап, соны халыққа түсіндіру. 00:48 01:49 Оңтүстік Қазақстан облысы осындай бастамаларды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қолдау керек. 02:03

Жиын барысында медиация маңызы мен электронды сот отырысының тәртібі түсіндірілді. Енді, ауылдағы ағайын алысқа ат шаптырмай-ақ, арыз-шағымын электронды сот арқылы жеткізе алады. Қарапайым халық тиімді жүйе арқылы  уақыт пен қаражатын үнемдейді.

Тасполат Машрапов – Сарыағаш аудандық сотының төрағасы:- Халықтың үйінде отырып интернет жүйесімен талап-арыз беру, ісімен танысу, қыстың тайғағында, жолдың тайғағында, жаздың 50 градус ыстығында әуре болмай-ақ, сотқа үйінде отырып-ақ талап-арыз беріп, барлық жағдайларды біріншіден түсіндірдік.

Алдағы уақытта кеңес мүшелері түсіндіру жұмыстарын облысымыздағы барлық аудандарда өткізуді жоспарлап отыр.

ДАНА Мырзақадір

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР