test
14-07-2024
31.3 C
Шымкент

Өзекті мәселелер қаралды

ОҚО Отырар ауданы әкімі аппаратының кезекті мәжілісі өтіп, жиынды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рыскелді Әліш ашып жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұмау және ЖРВИ ауруларының алдын алу, ветеринария саласындағы атқарылып жатқан және малдан жұғатын аурулардың алдын алу іс-шараларының орындалуы, халықты денешынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстардың орындалу барысы, сондай-ақ аудандағы құрылыс жұмыстарының орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.
Жиында баяндама жасаған тиісті бөлім басшыларының сөзін мұқият тыңдаған Рыскелді Салхутдинұлы көтерілген мәселелердің барлығы өзекті екенін айтып, аудандық орталық ауруханаға тұмауға қарсы егілетін вакцинасын белгіленген мерзімде егуді, аудандық ветеринария бөліміне мал басын түгендеу жұмыстарын нақтылап, малға салынатын вакциналарды уақытылы егуді тапсырды. Мұнан соң бұқаралық спортты дамыту шаралары аясында халықты спортпен айналысуға көптеп тартуды және аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын үнемі бақылауда ұстауды тиісті сала басшыларына жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР