test
14-07-2024
31.3 C
Шымкент

Отбасы – ұлттық тәрбиенің ұясы

Отбасы – болашақ ұрпақ бойына адами құндылықтар мен ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Осыны түйген төлебилік кітапханашылар ауданның орталық кітапханасында «Жақсы дәстүр — отбасының тірегі» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл жиын алдағы уақытта түстік өңірдің барлық аудан аумағын қамтымақ. Іс-шара барысында қатысушылар өз шаңырағында қалыптасқан ізгі дәстүрді айтып, оның терең философиялық ойын елге жеткізді. Халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жеткен отбасылық құндылықтарын дәріптеді.

Дана Маманова —  «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: —Қазақ елі салт-дәстүрлерді ұмытпауы қажет. Отбасымыздағы бүлдіршіндерге жақсы тәрбие беріп, соларды тал бесіктен осы негізге салып, үйретуіміз қажет.

Қатысушылардың ұлттық педагогикадан түйген-білгендері молшылық. Олар ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың салған сара жолын үлгі етті. Баланың отбасындағы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жолдарын паш етті.  Атадан қалған асыл сөздерді айтып, салт-дәстүрлерді жаңғыртты.

Гүлсанат Малдайдарова – М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы: — ОҚО ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен кітапханалар арасында «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, біз көптеген аудан қалаларда «Жақсы дәстүр — отбасының тірегі» атты семинар-тренингтерді жүргізіп кележатырмыз.

Отбасы – ұлттық тәрбиенің ұясы. Мұнда ізгілік дәнін бойына сепкен тұлға еліміздің еңселі, тәуелсізігіміздің тұғырлы болуына күш салмақ. Сондықтан бұл іс-шара келешекте аудан-қалалардың барлығында да жалғасын таппақ.

АРАЙЛЫМ Байзахова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР