05-04-2022
20.3 C
Шымкент

Ассамблея мүшелері латын әліпбиін қолдайды

Ел ішінде латын әліпбиі төңірегінде әлі де қызу талқылау өрбіп жатыр. Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңес мүшелері: «Латын графикасының жаңа нұсқасы алдыңғысымен салыстырғанда анағұрлым ұғынықты. Әрі бұл нұсқа халықтың тез игеріп кетуіне қолайлы»,-дейді. Кеңес мүшелерінің кезекті мәжілісінде сондай-ақ, босап қалған екі орынға мүшелер сайланды. Алқалы босқосудың күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Мәжілістің әлқиссасы жыл басынан бері бос тұрған қос бірдей орынға мүшелікке үміткерлерді сайлаумен басталды. Қоғамдық келісімді үйлестірушілер бірауыздан — Шарафдин Раманқұлов пен Бадритдин Нышанқұловты облыстық Қазақстан Халқы Ассамблея кеңесінің мүшелері етіп қабылдады. Бұдан кейінгі әңгіме ауаны басқосудағы басты тақырып – латын әліпбиіне көшуге ауысты. Мәжілісте сөз алғандар латын әліпбиінің соңғы нұсқасын құп көретіндерін ашып айтты. «Әріптерді диграфтардан гөрі апострофпен жазған тиімді. Әрі жаңа графикада төл әріптер өзгеріске түспейді. Тек буын үндестігінің сақталуына мән беру қажет»,-дейді. Қазақстандық бірлік пен бірегейлікті нығайтудың маңызы зор. Өйткені, бірлік жоқ жерде, тірлік болмайды. Бұдан былай бұл бағыттағы жұмыс одан әрі ширай түспек. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жаңа жұмыс жоспарын бекітті. Қазанын сапырып, несiбесiн асырып отырған оңтүстік жұрты қай істің болмасын, үдесінен оңай шығады. Көпұлтты күнгей жұртын ұйыстырған Қазақстан Халқы Ассамблеясының орталығы бір күнге де бос тұрмақ емес. Сәніне сәулеті сай бұл нысан келісіп, пішуге пейілділердің мәнді мәжіліс құратын ордасына айналмақ. Ондағы мақсат – оңтүстік халқының берекесiнiң артып, iсiнiң оңғарылуына жол ашу.

Г. Қалмырзақызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР