03-09-2021
28.3 C
Шымкент

Бейбіт күннің батырлары

Облысымызда 19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай мерекелік шара өтіп, шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысты.  Кәсіби мереке иелерін құттықтаған облыс басшысы «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер еліміздің қауіпсіздігін, төтенше жағдайларда адамдардың өмірі мен мүлігін қорғап, азаматтарға әрқашанда жәрдем беріп келуде. Биыл Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 22 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс және республика көлемінде орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өз үлестерін қосты. Осындай ерлік пен еңбектеріңіздің арқасында «Қазақстандық құтқарушы» мәртебесіне ие болған баршаларыңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және қызметте жетістік пен табысқа жетулеріңізге тілектеспін» деген тілектестігін жеткізді.
Сондай-ақ, өңір басшысы өрт сөндіру қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөлік кілтін салтанатты түрде тапсырып, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар азаматтарды марапаттады.
Шарада Отырар аудандық төтенше жағдайлар бөліміне 1 қызметтік «Нива» автокөлігінің кілті арнайы табыстылса, бөлім қызметкерлері Мейрамхан Кемелхан мен Досжан Майлыбектердің кеуделеріне «Қазақстан полициясына – 25» жыл мерекелік медалін тақты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР