test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Мүмкүндігі шектеулі жандар күніне орай Оңтүстік Қазақсатн облысына қарасты Созақ ауылында, ауыл әкімі мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен игілікті шара болып өтті. Нақтырақ айтқанда «Қуанады бала» тақырыбында қамқорлық акциясы ұйымдастырылды. Барлық жүрегі жомарт, қайырымы мол жандар аталған шараға қатысып, мүмкүндігі шектеулі жандарға қуаныш сыйлады. әлеуметтің аз қамтылған бөлігіне қамқорлық таныту азаматтың азаматының ғана қолынан келсе керек. Айтулы шара барысында ауыл әкімі Б.Әметов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Жақсыбаев, ауыл имамы С.Рүстемов сөз сөйлеп, игі- ниетті, ықылас, тілектерін білдірді. Ауыл әкімдігінің мүмкүндігі шектеулі жандарға арнайы дайындаған сый- сияпаттарын әлеуметтік қызметкерлер таратып, мәдениет үйінің өнерпаздары ән салып, би билеп көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонамен қатар игілікті шара барысында мүмкүндігі шектеулі жандар Әбілда Нұрай мен А.Бейсенбай өздеріне көрсетілген қамқорлық пен сый- сияпатқа, мерекелік жиынға ризашылықтарын білдіріп, өз өнерлерін көрсетті. Қайырымды жандардың қатары көбейе берсе деген ниетіміз орындала бергей.

Ләззат ӨМІРБЕКОВА
ІІІ топ мүгедегі,
Созақ ауылы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР