test
01-07-2024
28.3 C
Шымкент

Әскерден жеткен «алғыс хат»

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданының ұландары әскер қатарында да алғысқа бөленіп жүр. — «Сіздің ұлыңыз Қазақстан Десанттық Шабуылдаушы әскерлерінің үздік қорғаушысы, гвардия ефрейторы Охас Сабыржан өзінің әскери патриоттық қызметін үздік абыроймен атқарып, Отан алдындағы борышын үлгілі орындауда.
С.Охас үздік сарбаз, ізетті, тәрбиелі жан. Әскери борышын өтеп жүріп, командирлер мен қызметтестері алдында жеке құрамға үлгі болатындай әрекет танытып, ата-анасының тағылымды тәрбиесін көпшілікке байқатуда. Ол «Ұлан — десантшы» жоғары атағына ие болды. Құрметті Сабыржанның ата-анасы! Отанды қорғайтын сенімді десантты, абырой мен даңқты қатар алып жүретін ұлды тәрбиелегендеріңіз үшін алғыс білдіремін»,- деген мазмұнда 32363 әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы гвардия подполковнигі У.Нұрғазиев жазған, осы әскери бөлімнің командирі, гвардия подполковнигі М.Гусейнов қол қойған «Алғыс хат» Қазата ауылында тұратын Бақытжан Охасұлы мен Алтынай Өмірәліқызына келді.
Сабыржанның ата-анасы мен бауырлары, туған-туыстарының қуаныштарында шек жоқ. Перзентіне айтылған мадақтан артық не бар ата-ана үшін! С.Бақытжанұлының жетістігі бұдан кейін де жалғаса берсін.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР