21-09-2021
14.3 C
Шымкент

Қоғам дамуына оң ықпал етеді

Алғашқыда сот актілерін орындауда жұмыс қарқын алғанымен сот актілерінің шамадан тыс көп болуы, яғни әрбір мемлекеттік сот орындаушысына көптеген атқару құжаттарының мойнына жүктелуі жеке сот орындаушылардың қоғамға қажет екендігін айғақтай түсті. Өйткені, мұндай жүйенің тиімділігінің арқасында халық өзінің заңды мүддесін, алашағы мен берешегін осы жеке сот орындаушылары арқылы өндіріп алуға мүмкіндік алады. Жақында жеке сот орындаушыларының мәртебесін айқындау мақсатында Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшіне енді. Бұл заңның маңызды бір ерекшелігі — ол жеке сот орындаушыларының құқықтық мәртебесін анықтайтын жаңа баптармен толықтырылған еді. Жалпы елімізде жеке сот орындаушылар институтын құруды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы тапсырғаны естеріңізде болар. Бүгінде мұндай жүйені әлемнің 65 мемлекеті қолданып келеді. Тіпті, Франция, Бельгия, Италия сияқты бірқатар дамыған батыс Еуропа елдері жеке сот орындаушылардың мәртебесін мемлекеттік орган құзыретіне бекіткен. Аталған «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылары туралы» заңның 140-154- баптары нақ осы жеке сот орындаушыларына арналған. Бұл заңда жеке сот орындаушыларының міндеті мен олардың сот шешімдерін жүзеге асырудағы артықшылықтары толықтай көрсетілген. Сот орындаушыларының қоғамда алар орны ерекше. Өйткені сот орындаушы қоғам дамуына оң ықпал етеді. аталған жәтйке қатысты Оңтүстік Қазақстан облысынга қарасты Бәйдібек ауданында да толымды істер атқарылуда.

Ә.БОЛЫСБЕКОВ,
аудандық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің инспекторы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР