test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«Ашық есік» күні өтті

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданында Аудандық соттың төрағасы Е.Қарақұлов Боралдай ауылдық округінің мәдениет үйінде «Ашық есік» күнін өткізді.
Іс-шараға Боралдай ауылдық округінің әкімі, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, мектеп мұғалімдері және ауыл әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы кездесу барысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі идеялары мен маңыздылығын айтып, кейбір өзекті ой-тұжырымдары мен елімізде таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерге тоқталып өтті. Сонымен бірге «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы Заң үстемдігін қамтамасыз ету реформасы аясында жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформадағы өзгерістер және толықтыруларға тоқталды, медиацияны қолдану ерекшеліктерін атап, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын, оның мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленгенін, бұл пилоттық жобаның дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталып, медиация институтының дамуына орасан зор ықпалын тигізетінін және қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретінін азаматтардың назарына жеткізді. Сот төрағасы кездесу қатысушыларымен пікір алмасып, сот тәжірибесін одан әрі жақсартуға септігін тигізетін осындай маңызды кездесулердің аса қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР