20-09-2021
21.3 C
Шымкент

«Өрлеу» жобасы өз тиімділігін көрсетті

Аз қамтылған азаматтарға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің форматы өзгереді. Келер жылдан бастап, жәрдемақының үш түрі бір үлкен соммаға ауысады. Сайрам, Төлеби ауданы бойынша осы салаға жауаптылар Астанада арнайы оқыту курсынан өтті. Жаңа жүйеге қанық болғандар жай-жапсарын елге түсіндіре бастады. Әлеуметтік көмекті тағайындаудағы мақсат — халықты масылдықтан арылту. Күнкөріс деңгейін жақсартып, кедейлік құрсауынан шығару. Аталған көмек табысы аймақта белгіленген күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмендерге тағайындалған. Жәрдемақы шартсыз немесе шартты ақшалай түрде белгіленген. Шарты сол, көмек әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысқандарға ғана беріледі.Жаңа формат тұрғындарға тек ақшалай көмек берумен шектелмейді. Екі қолға бір күрек тауып, жұмысқа орналасуға да мүмкіндік береді. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына қатысып, шағын несие алуына ықпалдасады. Осылайша, әлеуеті әлжуаз топ кедейлік шегінен шығуға ынталанады. Кешенді шараларды кешеуілдетпей жүзеге асыру үшін тиісті мекемелердің материалдық-техниалық базасын нығайту қажет,-дейді сала басшысы.

Мұхит Отаршиев — Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:- Көп құжаттамалар электронды түрде жүргізіледі, сондықтан да материалдық-техникалық база мықты болуы керек. Сканермен қабылданады көп құжаттар …

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері «Өрлеу» жобасы аясында тексеріліп, өз тиімділігін көрсеткен. Өңірімізде осыған дейін 100 мыңнан аса  жаны бар 20 мыңдай отбасы осынау көмекке қол жеткізді. Оның ішінде 22 мыңнан аса тұрғын жұмысқа орналасты. Қуантарлығы сол, бұл бағыттағы шараларды іске асыруда облысымыз республикада көш бастап тұр.

ДАНА Мырзақадір

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР