18-09-2021
27.3 C
Шымкент

Кәсіпкерлер палатасы есеп берді

ОҚО облыстық Кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиалы кеңейтілген мәжіліс өткізіп, 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді. Филиал директоры Нұрғали Ақмұратовтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері «Атамекен» ҰКП-ның Ордабасы аудандық филиалына кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында 69 өтінім арыз түскен, оның 40 өтініші — бизнес-жобаларға қаржы қарастыруға қатысты. Бизнес-жобаларды қаржылай қолдау мақсатында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 7 жоба 35 млн 700 мың теңгеге , «Ырыс» МҚҰ арқылы 29 жоба жалпы сомасы 100 млн 400 теңгеге, «Агро несие серіктестігі» АҚ арқылы 1 жоба 9,0 млн. тг., «Максимум» АИО» ЖШС арқылы 2 жоба 69,0 млн.тг., Екінші деңгейлі банк «АТФ» АҚ арқылы 1 жоба 35,0 млн теңгеге қаржыландыруға дейін сүйемелденіп, көмек көрсетілді. Жаңадан іске қосылып отырған “Бастау бизнес” жобасы бойынша ауданда 151 жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған, сертификат иеленген. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске асып отырған «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 87 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар үшін қысқа мерзімді оқыту курсы өткізіліп, сертификаттар табысталды.
Жиын барысында Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Әкенов, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ОҚФ-ның Ордабасы ауданындағы өкілдері кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, саланы дамыту бойынша ұсыныстарды талқылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті жетілдіру тетігінің негізі ынтымақтаса жұмыс жасауда екенін тілге тиек етіп, жоспарларын ортаға салды.
Бүгінгі таңда Ордабасы ауданы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны — 9 869 нысан. Оның ішіндегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 9 172, бұл жалпы тіркелген кәсіпорынның 92,9 пайызын құрайды. Осы құрылымдар бойынша жұмыспен қамтылған — 20 918 адам.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР