test
02-07-2024
25.3 C
Шымкент

Көшпелі актив мәжілісі өтті

ОҚО Ордабасы ауданы Бадам ауылыныда аудан әкімінің кезекті көшпелі актив мәжілісі өтті. Күн тәртібіне сәйкес, бірінші болып ауыл округінің әкімі Махмут Қонысов сөз алып, атқарылған жұмыс барысын баяндады. Бадам ауыл округінің жалпы жер көлемі — 44779 га. тұрғындар саны — 15 740. Ауыл округі бойынша өндірістік кооперативтер — 5, ауыл шаруашылығымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер — 20, шаруа қожалықтар-81. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына» 2017 жылдың 9 айында 323 адам қатыстырылды. Бадам ауыл округі бойынша 18 жасқа дейінгі жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы – 408, 1 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 129 отбасына «Өрлеу» жобасы бойынша ақшалай көмек көрсетілген. Ауыл округінің қылмыстық ахуалын жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Ғани Есенгелдиев әңгімеледі. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Тәшімова, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Олжас Көпжасаров, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Ақмұратов, аудандық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуаныш Ысқақов салалары бойынша талдау жасап, ауыл округіндегі тындырымды тірігіне тоқталды. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов:
— Ауылдың әлеуеті өте жоғары. Оның мүмкіндігін толық пайдаланып, сол арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау — міне, сіздердің міндеттеріңіз осы. — дей келе, ауыл округі әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР