test
02-07-2024
23.3 C
Шымкент

Ардагерлердің айтары бар

Облыстық ардагерлер кеңесі жыл сайын аудан, қалаларда өткізіп жүрген «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа- аманат» бағдарламасы шеңберінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласына орай өткен аптаның жұмасы күні «Ұлт-тағдыры-ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында Созақ ауданында ардагерлер кеңестерінің бірлескен аймақтық семинар – кеңесі өтті. Қонақтар алдымен аудандық ардагерлер үйінің ғимаратында болып, кеңестің тыныс- тіршілігімен танысты. Одан соң «Даңқ» саябағындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жауынгерлер рухына бағыштап оқылған құран ішінде болды. Меймандар «Мыңжылқы» сарайының екінші қабатындағы аудандық орталық кітапхана, аудан мектептері мен балабақшаларының әзірлеген кітап, қолөнер көрмелерін тамашалады. Аймақтың семинар-кеңеске облыс орталығынан облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасының орынбасары, облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Айтөреева Үрзада, бастаған ардагерлер, Түркістан, Кентау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары Қарпықбаев Сатыбалды, Жұмабаев Исахан ағаларымыз бастаған ардагерлер ұйымының өкілдері, аудан әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл, кент округтерінің әкімдері, мекеме, ұйым басшылары мен өкілдері, аға буын, орта буын ағалар, жастар, оқушылар, білім, денсаулық сала өкілдері, ауылдағы ардагерлер кеңесінің төрағалары, әжелер алқасының төрайымдары, БАҚ өкілдері қатысты. Семинар- кеңесті аудан әкімі Салыхан Сабырұлы ашып, кеңеске қатысушы қонақтар мен аудан ардагерлеріне айтулы шарамен құттықтай отырып, жұртшылық пен ақ сақалды абыздарға деген жылы лебізін білдірді. Жиында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының , орынбасары, облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Үрзада Айтөреева, белгілі жазушы «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт, «Латын әліпбиіне» көшу туралы ой қозғаған тарих ғалымдарының кандидаты, профессор, ұлағатты ұстаз Анарбаев Қайрат, «Ұлттық код» туралы ой бөліскен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Кемелова Несіпханым, ардагерлер ұйымның атқарып жатқан жұмыстары туралы Кентау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесін ің төрағасы Құлбайымбетов Жарқынбек ағаларымыз ой қозғаса, Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов аудандағы елеулі істер төңірегінде хабарлама жасады. «Ұлт тағдыры-ұрпақ тәрбиесі» тақырыбы аясында әдет-ғұрып , салт-дәстүрді жаңғырту және өз өңірлеріндегі үлгілі, жақсылыққа жақын, өнегелі отбасыларын атап өту мақсатында Кентау, Түркестан, Созақ аудандарының ардагерлер ұйымдарының өкілдері сахналық көрініс көрсету үшін сайысқа түсті. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды, ерте жүктілікті және аутодеструктивті оқиғалардың, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты тақырыпта 8-9-10-11 сынып оқушыларының қатысумен Жетісай қаласында орналасқан №1 М.Горький атындағы мектеп – гимназиясында кездесу өтті. Кездесуге түрлі сала бойынша келген мамандар семинар өтіп, бос уақытты тиімді пайдалану үшін жайдарман, дебат ойындарына жастарды тарту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шарада Жетісай қаласы емханасының акушер-гинеколог дәрігері қыздарға ерте жүктіліктің зардабы туралы түсіндіріп өтті. Ал, аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері және әлеуметтік сүйемелдеу орталығының, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологтары қыздарды әдемілік пен әдептілікке, жат қылықтан аулақ болып, үлгілі ару болуға, ата-ананың үмітін ақтауға шақырды.

«Бала – біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан да, олардың тәрбиесіне басты назар аударуымыз керек. «Болар бала — бесіктен» деп, ата — бабаларымыз айтқандай, тәрбиені жас күннен бастап, тиянақты түрде жүргізу қажет. Ата-ана жас бүлдіршіндердің көңіл-күйі мен мінез-құлықтарына, психологиясына да жиі назар аударып отырулары тиіс. Сонда ғана дені сау, салауатты ұрпақ өсіре аламыз. Үйде, балабақшада және мектепте жақсы тәрбие алған бала түрлі құқық бұзушылықтарға да жол бермейді» — дейді «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Мұхтар Бейсенбаев.

Кездесу барысында оқушыларға бой сергіту жаттығулары жасалып, іс-шара бір сарында емес, жастармен өзара пікір алмасу форматында өрбіді. Алдағы уақытта кездесулер аудан көлемінде өз жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР