03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Жаңа жылдан бастап жаңа реформа күшіне енеді

Енді ауыл халқы өз қалтасынан төлеген салықтың қайда жұмсалатынына тікелей араласа алады. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, Ұлт жоспары – 100 нақты қадамға сәйкес жаңа реформа күшіне енбек. Ол бойынша ауылдық округтерде өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі. Жаңашылдық қалай жүзеге асады? Қаражатты қайда жұмсауға болады?  «Жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу» тақырыбында өткен республикалық форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам аудан, қала, кент әкімдері мен министрлік өкілдері,  саясаткерлер қатысты. Негізгі мақсат – реформаны жүзеге асырудың тиімділігі мен жолдарын түсіндіру болатын.  Сонымен, келер жылдан бастап, еліміздегі халқы 2000-нан асатын 1066 ауылдық кентке 4-деңгейлі бюджет енгізіледі. Оңтүстіктегі 181 ауылдың 175-і осы тізімге енеді. Ал, қалған 6 ауыл 2020 жылдан бастап, жобаға қосылады деген жоспар бар. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев ауқымды шараны іске асыру арқылы жергілікті маңызы бар ауылдардағы түйткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік молаяды, — дейді.

Дербес бюджет бекітілгенде, ауыл әкімі халықпен, ауыл ақсақалдарымен кеңесе отырып, тұрғындар салығын ауылды абаттандыруға, көгалдандыруға, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу істерін жүзеге асыруға, көпшілік мәдени тынығу жұмыстарын жүргізуге, автомобиль жолдарын реконструкциялауға және жөндеуге, елдімекендердегі көшелерді жарықтандыруға жұмсай алады.

Айжан Әшірхан   

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР