06-09-2021
17.3 C
Шымкент

Жас шеберлер бақ сынады

Облысымыздағы колледж студенттері тек білім алумен шектелмейді. Бос уақытын тиімді үйлестіріп, қолөнер үйірмелеріне қатысуды да құп көреді. Он саусағынан өнер тамған өскелең ұрпақ «Алтын қазына» сәндік-қолданбалы қолөнер байқауында бас қосты. Байқаудың бастамашылары – «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобалық кеңсесі мен облыстық білім басқармасы. Жас шеберлер жеті бағыт бойынша бақ сынады. Тоқыма тоқу, металл өңдеу, саз илеу, ағаш, тері, шыныдан  бұйымдар жасау. Қолөнер бұйымдарын жасауға баулитын үйірмелер барлық колледжде ұйымдастырылған. Бүгінде білім алушылардың 25 пайызы — осындай үйірмелердің қатысушысы. Ендігі меже — осы көрсеткішті 50 пайызға жеткізу. Осылайша, ұмыт болып бара жатқан қолөнер бұйымдарын жаңғырту қажет,- дейді білім саласының қызметкерлері.

Лаура Жүнісова – облыстық білім басқармасының бас маманы: Байқаудың негізгі мақсаты оқушылардың шығармашылық таланттарын шыңдау. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бүгінгі күнде облысымызда 95 колледж болса, соеның ішінде мемлекеттік 43 колледж бар. Білім басқармасына қарасты 36 колледждің 25 колледжі бүгінгі байқауға қатысып келіп отыр.

Дана Мырзақадір – тілші:  Айналадағы қызылды-жасылды бұйымдардан көз сүрінеді. Бұл бұйымдардың барлығы дерлік жас буынның қолынан шыққан. Колледж студенттері арасында алғаш ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – жас шеберлердің туындыларын көпшілікке таныстыру.

Пиунова Антонина — түрлі түсті жүнді түтіп, натюрморт, пима жасағанды жаны сүйеді. Туындыларының барлығынан қазақы нақыш байқалады. Антонина бұл істе ұстаздарынан мол тәлім алды.

Антонина Пиунова – байқауға қатысушы: Басында негізі өзім қызықтам деп айта алмаймын. Бірақ келген кезде жұмыстарды көріп, үйренгім келді. Сол үшін үйірмеге бардым. Валентина Арсеевна деген мұғалімім бар еді. Ол маған бәрін үйретті.

Байқау қорытындысында кіл мықтыдан, ең мықты шеберлер анықталды. Жүлдегерлер білім басқармасының алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарына ие болды.

Дана Мырзақадір   

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР