Елбасы жолдауындағы негізгі басымдықтың бірі, агросекторды экономиканың қозғаушы драйверіне айналдыру бағытындағы жұмыстар жемісін бере бастады. Қазығұрт ауданындағы «Амангелді» серіктестігі маңайына топтасқан шаруашылықтардың жұмысы жүйеленіп келеді. Биыл ғана іріленген бұл кооперативтің ауқымы ұлғая түскен. Бүгінде 5 ауданда 25 мың гектар жерге егістік екті.1000-нан аса азаматты жұмыспен қамтып отыр. Табыстары да еселенген.
МӘДИ ТАЙСАЛОВ — «АМАН АГРО СЕРВИС МТС» ӨК-нің ТӨРАҒАСЫ: заңды тұлға 1 шаруа қожалықпен құрылған болатынбыз. Қазіргі таңда 38 мүшесі бар. Оның 17-сі шаруа қожалығы — 21-і заңды тұлға. Жалпы ауқымы 5 ауданды құрайды. Қазығұрт Сарыағаш, Арыс қаласы, Шымкент қаласы, сосын Сайрам ауданы.
«Аман агроның» 2 мың тонна жеміс сақтайтын тоңазытқыш қоймасы бар. Онда 500 тонна алма сақтаулы тұр. Өздерінің меншігіндегі жерден жалпы көлемі 23 мың тоннаға дейін жеміс жинаған. Өнімнің басым көпшілігі көршілес Ресей еліне сатылды. Ынтымақтаса атқарған еңбектің зейнетін көруде.
ӘДИ ТАЙСАЛОВ — «АМАН АГРО СЕРВИС МТС» ӨК-нің ТӨРАҒАСЫ: Бұрын мысалы, ұсақ-түйек шаруа жеке-жеке өтініш өткізіп, бәрі шауып жүретін еді. Қазір бәрі бір өтініммен өзінің гербициді бар тыңайтқыш болсын, жеңілдіктерді алып отырады.
Бұл шаруашылық бастапқыда көшеттерді Италия, Сербия, Польша және Түркия елдерінен алдырған. Қазір көшеттерді өздері дайындауда. Кооператив мүшелері мұнымен де тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта жемістерді өңдеу цехын іске қосуды жоспарлап отыр.
Н.Кенжехан