13-09-2021
16.3 C
Шымкент

Қазығұрт тұрғындары «Өрлеу» бағдарламасының жемісін көруде

Күнгей жұрты «Өрлеу» бағдарламасының көмегімен шаруасын дөңгелетіп отыр. Пилоттық жоба жұмыссыздықты жойып, халықтың тұрмысын түзеуде. Қазығұрт ауданына іс-сапарлап қайтқан өңір тілшілеріне осынау әлеуметтік көмек алған тұрғындардың тыныс-тіршілігі таныстырылды. Осыған дейін бес баланың жәрдемақысымен күнелтіп келген бұл шаңырақтың қазір тұрмысы түзеліп келеді. Жұмыс іздеп, қақпаған есігі қалмаған Рано Умарова ақыры «Өрлеу» бағдарламасы туралы естіп. қатысуға бел буады. Алған қаражатына екі ірі қара мен бір тай сатып алып, үй іргелік шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Рано Усманова, Шарапхана елдімекенінің тұрғыны: «Өрлеу» бағдарламасына қатысқанның пайдасы көп екен. Біріншіден, «Өрлеу» бағдарламасын аласың. Екіншіден, өзің айлықкер болады екенсің. Үшіншіден, өзіңнің зейнетақы қорыңа да ақшаң құйылып жатады екен.» Қазығұрт халқы «Өрлеу» бағдарламасының көмегімен шаруаларын дөңгелетіп отыр. Жыл басынан бері осынау бағдарламаға 6940 тұрғын қатысты. Бұл — көмекке мұқтаждардың 92 пайызы. Жыл соңына дейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 7528 адамды қамтуды жоспарлап отыр. Аймен Өсербаев, Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы: «Қазығұрт ауданы бойынша 2017 жылы 1192 отбасы «Өрлеу» бағдарламасына өтініш берді. Сол отбасылардан жұмысқа жарамды 1290 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, оларға 427 млн теңге шартты ақша көмек көрсеттік.» Ауданда пилоттық жобаны іске асырудың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны да едәуір азайып отыр. Мәселен, бүгінде мұнда балалар жәрдемақысын алушылар саны 18 пайызға кеміген.

Мақпал Рысбаева

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР