02-09-2021
27.3 C
Шымкент

Батыр аналар саны артқан

Оңтүстік Қазақстан облысында батыр аналар қатары 2382 адамға толықты. Биылғы сегіз айда өңірдегі 504 ана алтын алқа тақса, 1878 әйел азаматы күміс алқа иегері атанды. Көп балалы аналардың саны жылдан-жылға артып келетін Оңтүстік өңірінде бүгінгі таңда демографияға үлес қосып жүрген аналардың саны 159729-ға жетіп отыр. Оның ішінде 5618 Батыр ана болса, 23920 ана — «Алтын алқа», 34806 әйел «Күміс алқа» иегері. Ал 7928 ана І-ІІ дәрежелі Ана даңқы орденінің иегері, 87457 азаматша 18 жасқа дейінгі төрт және одан көп баласы бар аналардың қатарын толықтырған. Көп балалы аналар қатары бойынша көшті бастап тұрған — Шымкент қаласының тұрғындары. Облыс орталығындағы аналардың саны – 19278. Шымкенттен кейінгі орында Сарыағаш пен Мақтаарал аудандары. Сарығаштағы 13306 алтын құрсақты ана болса, Мақтааралда 11282 азаматша көп балалы ретінде тіркелген. Көп балалы нәзік жандылар көшін Түркістан, Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт, Төлеби, Шардара, Түлкібас, Арыс, Бәйдібек, Кентау қаласы мен Отырар, Созақ аудандарының ақ желекті, алтын құрсақты аналары жалғайды. Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 50627 сәби туылған. Дүние есігін ашқан нәрестелердің ішінде 514-і егіз болса, 3-уі үшем.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру есебінен жаңа медициналық мекемелер салынды. Материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда орнатылды. Осының нәтижесінде, өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші артып келеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР