22-09-2021
25.3 C
Шымкент

Партиялық бағдарламалар елге қызмет етеді

«Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, партияның «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы жанынан құрылған Ақпараттық насихаттау тобы Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы, партияның Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың – Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, партияның сайлауалды және 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламалар талаптарын түсіндіру мақсатында №376 Бастауыш мектебінің қызметкерлерімен және партиялық топ мүшелерімен кездесу өткізді.  Кездесу барысында кіріспе сөз сөйлеген партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиев Иманқұл Ноғайбайұлы – қызметкерлерді Елбасының –дәстүрлі Жолдауының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі басымдықтарын және ел экономикасын жаңғырту мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік, өңірлік бағдарламалармен таныстыру, насихаттау және ел азаматтарын осы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіншіліктерді пайдалануға жұмылдыру екенін айтты. Қатысушыларға Жолдаудың және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» негізгі басымдықтарымен таныстырып, одан туындайтын мақсат міндеттерді, атап айтқанда Жолдау аясында елімізді қайта түлетудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың жүріп жатқанын. Ол екі процессті рухани жаңғыру толықтырып қана қоймай, оның өзегіне айналатынын айтты. Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға кері әсер ететін қоғамымызға жат әректтермен, яғни сыбайлас жемқорлықпен, бөлінушілікпен, жалқаулықпен, жатып ішерлікпен, ысырапшылдықпен т.т. ымырасыз қоғам болып майдан ашпайынша межеленген мақсатымызға жете алмаймыз. Сонымен қатар, замана сынағына лайықты төтеп беруге қажетті Елбасы ұсынған: «Латын әліпбиіне көшу», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер» бағдарламасы, осыған байланысты «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалар бұқаралық сананы жаңғыртып жаңа зерек, қабілетті, бейімді, ізденгіш, бастамшыл, ойшыл ең бастысы отанын сүйетін патриот азаматтардың ортасын қалыптастыратыны айқын деді.  «Керемет елде тұрғың келсе, өзің керемет бол» демекші керемет болайық, жетістіктерімізбен, әрдайым болашаққа ұмтылайық деді. Кездесу соңында №376 бастауыш мектеп әлеуметтік педагог Битұрсынова Гүлдерқыз Нүридинқызы — ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» және партияның «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел» жобасы, партиялық бағдарламалар ел пайдасы үшін, халқымыз үшін жасалынып жатқан іс екендігінің айғағы деді. «Нұр Отан» партия төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиевке ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР