Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылы, №93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» тақырыбында аудан әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өткізілді. Мақсат – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің рухани дамуы, оның ішінде ұлт болашағы, аудан тұрғындарының бірлігін нығайту, ұлтаралық, дінаралық келісімі жөніндегі саясатты жүзеге асыруға үлес қосатын жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының тиімділігін арттыру, ұлттық дәстүрді дәріптеу, өнегелі отбасы мен ұрпақ тәрбиесін жақсарту жайлы жан-жақты талқылау.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің барлығыда қоғамға қажетті, әрі орынды болды. Жастарға берері көп. Және баяндамаға шыққан азаматтар тақырыпты жан-жақты ашып, ұтымды ұсыныстар мен парасатты пікірлер білдірді. Өзекті мәселелерді ортаға салып, қоғам болып күресу тиіс жайттерге тоқталды. Іс-шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар қоғамдық форумның қоғамға берері көп деген оймен тарасты.