07-09-2021
34.3 C
Шымкент

Латын әліпбиіне көшу — заман талабы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажеттігін айтқан болатын.
Осыған орай «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты жиын болып, оған тіл мамандары, кітапханашылар және аудан жастары қатысты.
Мекеме қызметкерлері мен ауыл жастары арасында латын әліпбиіне көшудің тиімділігін кеңінен насихаттау мақсатында өткен жиында тілдерді оқыту және дамыту бөлімінің директоры Бағлан Жаппаровтың баяндамасы тыңдалды.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов, Халық ақыны Әселхан Қалыбековалар сөз алып, латын әліпбиіне көшудің еш қорқынышы жоқ екенін, ұрпақ санасының тазаруына латын әліпбиінің берер көмегі мол екенін атап өтіп, жиынға қатысушыларды латын әліпбиін қолдауға шақырды. Ал, Бағлан Жаппаров облыстық кітапханаға ақын-жазушыларымыздың 100 кітабы латын әліпбиімен аударылғанын айтып, қазақ тіліміз өз тілімізде қалады, бізде өзгеретіні тек таңба ғана екенін атап өтті.
Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, тіл мамандарына көкейлеріндегі сауалдарын қойды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары П.Абайұлы отырарлықтар латын әліпбиіне көшуді толық қолдайтындығын жеткізіп, мұндай жиындарды көптеп өткізу қажет екендігін атап өтіп, жиынға қатысып, өз пікірлерімен бөліскен азаматтарға алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР