02-09-2021
20.3 C
Шымкент

Тәжірибе алмасып қайтты

ОҚО ордабасылық кәсіпкерлер бәсекеге қабілеттілікті арттыру халықаралық бағдарламасы аясында, Түрік Республикасы экономика министрлігінің ұйымдастырған «Мал шаруашылығын экспорттау, қарқынды бауды дамыту, жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу» тақырыбындағы танытым сапарына қатысып, өзара іскерлік тәжірибе алмасып қайтты. Іс-сапар барысында делегация Нигде қаласындағы «Алма-ата» фирмасының 1000 гектарға орналастырылған қарқынды бауының, мал бордақылау алаңдарының жұмысымен танысты. «Алма-ата» серіктестігінің төрағасы Атилла Капланның мәлімдеуінше, бүгінде бұл фирма көкөніс экспорттау бойынша Түрік Республикасында үшінші орынды иеленген. Қазіргі таңда, Ордабасы ауданындағы 20 гектарға жайғасқан «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бауын жетілдіруге қолдау білдіріп келеді. Сонымен қатар, ордабасылықтарға кәсіпкерлерді қолдау ісінің шетелдік нұсқасы таныстырылды. Арнайы дөңгелек үстел өтіп, онда екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Түркиялық кәсіпкерлер Қазақстанға келіп тірлік бастауға ниетті екендіктерін жеткізді.
Іскерлік байланыс аясында топырақ ерекшеліктерін зерттеп, соған орай арнайы көшеттер жеткізіп беруді, оларды күтіп-баптау ерекшеліктерін үйретуді қолға алатындарын, сондай-ақ, мамандарды да оқытуға әзірліктерін жеткізді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР