ОҚО Сарыағаш ауданында Азаматтарға арналған үкіметтік мемлекеттік корпорация ашылды. Аталмыш қызмет көрсету орталығы бұрын-сонды Қазақстанның ешбір аумағында болмаған. Сарыағаштықтардың қуанышын еселеген жоба республика, облыс басшылықтарының қолдауымен жүзеге асып отыр. Тұңғыш рет Сарыағашта бой көтерген Азаматтарға арналған үкіметтік мемлекеттік корпорацияның басты мақсаты – шалғай аудандарда тұратын жұрттың игілігіне қызмет ету. Мұнда бір терезе жүйесі бойынша 500-ден астам қызмет көрсетіледі.
Қайрат Әбдуәлиев – Сарыағаш ауданының әкімі: Республикалық деңгейде, облыстық деңгейде басшылықтар қолдап, 1 жыл көлемінде осы мәселені көтеріп, бітірдік. Осы кезде қолдау білдірген барлығыңызға алығысым шексіз. Әр мөлтекаудандарда орналасқан халыққа тиімді болғалы тұр.
Мекемегің ашылу салтанатына облыстық мәслихат депутаттары қатысып, жаңа жобадағы қызмет көрсету орталығының жұмыс барысымен танысты.
Әбілқасым Досболов – Облыстық мәслихат депутаты: Өте қуаныштымыз. Мұның Қазақстанда бірінші рет, Оңтүстікте, соның ішінде біздің Сарыағашта ашылуы – біздің халыққа деген сыйластық. Бағалағаны. Бұл – мелмекеттік қызметкерлердің халыққа қызмет көрсетуі.
Корпорацияның жұмыс форматы халыққа қызмет көрсету орталығына ұқсайды. Мұнда әлеуеті әлжуаз топтың барлық мұқтаждығы ескерілген. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдік көп. Олар ұзынсонар кезекке тұрмайды.
АЙЗАТ Бауыржанқызы