05-09-2021
31.3 C
Шымкент

Салтанатты түрде шығарып салды

Тәуелсіз елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі қайсібір мемлекет үшін қашанда маңызды. Бүгінде еліміздің тыныштығын күзететін күшті армия мен заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген Қарулы Күштері бар. Биыл Еліміздің Қарулы Күштеріне 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде еліміздің қарулы күштер құрамы өз кемеліне келіп үлгерді.  Айбынды әскеріміздің қатары жыл сайын жаңарып отырады. Егемен елдің тізгінін ұстайтын жастар шекара шебінде қызмет етеді. Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу — әрбір қазақстандық азамат үшін парыз.

Жақында Бәйдібек  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім әскер қатарына шақырылған аудан жастарын салтанатты шығарып салу рәсімін өткізді. Салтанатты шара мемлекеттік әнұранмен ашылып, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы, подполковник Ғ.Факирдинов ашып, жас сарбаздарға құттықтау сөзін арнады. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арынбеков борыштарын өтеуге аттанатын жастарға ақ батасын берді. Борышын өтеуге аттанған жастар болашақ еліміздің ертеңі үшін ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР