05-09-2021
29.3 C
Шымкент

Жұмсақ жиһаздар шығарады

Түркістанда отандық өнімнің әлеуеті артып келеді. Азық-түлік, ауыл шаруашылығы тауарларынан бөлек, үйге қажет жайлы, жұмсақ жиһаздар шығарылуда. Қазақстанның бүкіл аумағын қамтып отырған өндіріс ошағы қазір қаладағы индустриалды аймаққа жайғасқан. ОҚО  Түркістан шағын шаһар болғанымен, ел нарығында отандық өнімдерімен өз брендін қалыптастыра білген қала. Оның бірден-бір айғағы -жиһаз өндірісі. Республиканың кез-келген түкпіріне жеткізілетін жұмсақ дивандар алғашында цехта емес, үйде жасалған. Әлеуеті артқан кәсіпорын үшін жергілікті билік қолдау көрсетіп, индустриалды аймақтан арнайы орын бөліп отыр. Қазір құрылыс жұмыстары қызу. 4 бірдей ғимарат жиһаз маталарын тігу, дизайнерлік бөлім, құрастыру және сату бағытында еңбек етуде. Дәл қазір қаланың қақ ортасында арнайы сауда нүктелері жұмыс істейді. Тұтынушылардан сұраныс жоғары. Жиһаз зауытының жаңа ғимараты жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Оның ашылуымен 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.  Соңғы технологияларды пайдаланудың арқасында қазір жиһаздың сапасы артқан. Италия мен Түркия дизайнерлерінің үлгісі басшылыққа алынып, тұтынушы көңілінен шығатын өнімдер шығарылуда.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР