04-09-2021
27.3 C
Шымкент

Педагогикалық кеңес өтті

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы интернатта «Қазақстанның үшінші жаңғыруы-білімнің үлесі» атты педагогикалық кеңес болып өтті. 2017-2018 оқу жылының I тоқсан қорытындысы бойынша лицей-интернаттың ұстаздар қауымының білім, тәрбие саласы бойынша есебіне аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты. Білім ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан аудан басшысы мектеп жанындағы жылыжайды аралап, білім ұясының қысқы маусымға дайындығын көрді.
Кеңесте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдарбек Салықбай 2017-2018 оқу жылындағы I тоқсан үлгерім есебі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Талапжан Жарқынбековтың әдістемелік бірлестіктердің жұмыстары, ҰБТ-ға дайындық барысы, ақылы кабинеттер жұмыстар есебі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Жақашеваның тәрбие саласы бойынша атқарған жұмыстары тыңдалды.
Есепті баяндамалар тыңдалып болған соң аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы оқушылардың білімі мен тәрбиесімен қатар денсаулықтарына жіті көңіл бөлу керектігін, олар білім ордасының атына сай болу үшін білімге деген іргетасты бастауыш сыныптан бастау қажеттігін баса айтты.
Жиын барысында тәрбие мен білімге байланысты көптеген мәселер талқыланып, алдағы уақытта жұмыстарды жан-жақты жандандыру керектігі кеңінен сөз болды.
Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі Е.Қуанышұлы өз сөзінде «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді деп атап өткен болатын. Балалардың тәрбиесі мен білімдерін жетілдіруде бірігіп жұмыс жасап, олардың алға қойған мақсаттарына үлес қосайық. Бала тәрбиесі-ол актуальді мәселелердің бірі. Балалардың біліміне, тәрбиесіне жұмсалған еңбек болашаққа салынған инвестиция»-дей келе жоғарыда айтылған мәселерді өз назарында ұстайтындығын атап өтіп, ұстаздардың алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР