02-09-2021
29.3 C
Шымкент

Рухани жаңғыруды – өзімізден бастауымыз қажет

ОҚО Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы негізгі бағыттарды насихаттау және атқарылған жұмыстарды талқылауға арналған семинар-кеңес өтті.
Аталған жиынға қала әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Семинар-кеңес барысында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған мақсаттарға, көрнекі құралдар арқылы бағдарламалық мақаланың негізгі бағыттарына жеке-жеке тоқталып, қалада және ауылдық округтердегі атқарылып жатқан жұмыстарға сараптама жасап, атқарылатын міндеттер турасында баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша білім бөлімінің бас маманы Ә.Жүнісов, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Молдашева, «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Мұстапаев, қала әкімі М.Қадырбектің бекіткен жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстары және алдағы уақытта іске асырылатын жұмыс жоспарлары бойынша есеп берді.
Жиын соңында семинар-кеңеске қатысушы қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай, Арыс қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Б.Исламбеков және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Садықовалар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР