03-09-2021
21.3 C
Шымкент

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдады

ОҚО Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жыл басынан бергі жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстарын талдауы семинары жиыныны өтті. Үлкен мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Оразов жұргізіп отырды. Жиынға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментінің қызметкерлері Әбдиев Әбдірасіл, және аудандық ХҚКО басшысы Асхарбеков Тимур және ауылдық округтері мен кенттерінің әкімдері және аудан әкімдігінің бөлім басшылары білім беру ұйымдарының басшылары мен информатика пәнінің мұғалімдері бала бақша меңгерушілері мекеме басшылары қатысты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы М.Сабаев хабарлама жасап заман талабана сай мемлекеттік көрсетілетін қызметтің халыққа қол жетімді болып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, аудандық ХҚКО басшысы Тимур Асхарбеков баяндама жасап, кез-келген азамат үйде отырып алып, көптеген қызметті жылдам әрі сапалы түрде ала- алатынын ескертті.
Жиын барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормасын сақтау туралы айтылып, қойылған сұрақтарға толық және тиісті жауаптар берілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР