04-09-2021
34.3 C
Шымкент

Танымдық саяхат ұйымдастырылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, ОҚО Арыс қаласына қарасты  Ақдала ауылдық округінде өңіріміздің тарихи, киелі орындарын танып-білу үшін «Туған жерге тағзым» тақырыбында танымдық саяхат ұйымдастырылды.  Саяхаттың негізгі бағыты өлкеміздің киелі орындары Ақын-Жақып кесенесіне, Жекен-Саяқ әулиеге, Қыз құлаған жарға, сонымен қатар, Көксарай су реттегіші және Сырдария өзеніне бағытталған. Саяхат барысында жастар киелі орындардың тарихымен жақынырақ танысып, тамыры тереңге кеткен аңыз-әңгімелерден құлағдар болды. Өлке тарихын танып-білуде мұндай экскурсиялардың үлкен рөлі бар екені сөзсіз. Өз ауылына жанашырлықпен қарап, туған жеріне деген қамқорлығын аямай, жастардың танымдық жаңғыруына атсалысып, саяхатты ұйымдастыруға көмек көрсеткен Арыс қалалық мәслихатының депутаты Ғ.Жаңбыровқа «Туған жер» бағдарламасын қолдап қол ұшын бергеніне жастар тарапы өз ризашылықтарын білдірді. Елбасы мақаласының маңыздылығын айқындап, жастарға ұғындыра білуде аға буынның алар орны дла ерекше. Алдағы уақытта мұндай іс шаралар қала аумағында қолға алынатынына сенім мол.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР