02-04-2022
19.3 C
Шымкент

Ауыл шаруашылық фестивалі шаруаларды серпілтті

ОҚО орталығындағы «Наурыз» алаңында «ALROFEST»-Шаруалар биылғы егіс науқанын тынымсыз еңбектің арқасында жақсы жетістіктермен аяқтады. Шаруаға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, сала мамандары қатысты. Облыс әкімі Ж. Түймебаев бастаған фестиваль қонақтары ауыл шаруашылығы көрмесіне арнады. Жұртшылық назарына ауыл шаруашылығы өнімдері, асыл тұқымды төрт түлік малдың түрлері, сондай-ақ озық техикалар ұсынылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де келушілердің назарын аударды.
Облыс басшысы Ж. Түймебаев биыл жаппай, еңбек етіп шөп өтімге қол жеткізген ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Үздік көрсеткішке ие болған шаруалар мен аудандарға марапаттар тапсырды. «Озат астық жинаушы», «Озат мал бордақылаушы», «Озат бақша өсіруші» номенация иелерін марапаттады.
Біздің ауданның шаруалары фестивальге 2 тонна жылқы етін, 2 тонна қой етін, 2 тонна көкөніс өнімдерін алып барды. «Қарағұр» өндірістік кооперативінің төрағасы Жауқашты «Оңтүстік қаракөл қойма дайындаудың озаты» деп танылса, «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламасын орындауда ауданымыз бәйге төрінен көрінді.
Аталған шара аясында орталық атшабарда қыз қуу, теңге ілу, ауданшылдық, қазақ күресінен сияқты ұлттық спорт түрлерінің сайысқа жалғасты. Ойын барысында үздік болып танылғандарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Фистиваль аясында барлық аудан киіз үй тікті. Келген қонақтар кең жайылған дастарханнан дәм татып, қариялар батасын берді. Облыстың өнер жұлдыздары гала-концерт қойды.
Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР