04-09-2021
24.3 C
Шымкент

Әлеуметтік мәселе -басты орында

«Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиев Иманқұл Ноғайбайұлы — мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік ортаға тарту мәселесі бойынша Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында филиал төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев -Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне зор көңіл бөлу қажет екені көрсетілген. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деген сөзін тілге тиек етіп, күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін және осыған байланысты ұйымдастыру шараларын кеңінен жүргізудің маңыздылығын айтты.
Өз кезегінде сөз алған бөлімнің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің» басшысы Сқақов Ермек – жалпы қала және оған қарасты ауыл округтері бойынша 2262 мүгедек есепте тұрады.
Мүгедектер барлығы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қызметтердің барлығын өздеріне белгіленген оңалту бағдарламларына сәйкес толығымен алуда. Мүгедектіктігі үшін алатын жәрдем ақылары биыл 20 пайызға, келесі жылы 6 пайызға өсетінін айтты. Одан басқа әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеу мәселесінен басқа, мүгедектерді оңалту, оларды қоғамға кіріктіру мақсатында бөлім жанынан күндізгі 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу психологиялық кабинеттері ашылып жұмыс істеуде. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсы¬рыс туралы» Заң аясында үкіметтік емес ұйымдар мүгедектерді жұмысқа тарту мақсатында жобаларды жүзеге асыруда. Мысалы, былтыр, кәсіпкер-Арыс қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Рахымжанова Муслима Фазылқызы грант иегері болып мүгедек-әйелдердің тігіншілікпен шұғылдануына жағдай жасағандығын айтты. Жалпы, өнерге, кәсіпкерлікке бейім мүмкіншілігі шектелген азаматтарға барлық жағдайлар жасалынатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР